ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, Рудный аумағында жер сілкінісі тіркелген.
Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезілді.
Ресми мәлімдемеде жер сілкінісінің 2024 жылдың 27 шілдесінде таңғы сағат 9:54-те болғаны айтылған.
Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус. Магнитудасы mb=3,9. Энергетикалық класс К=9,4, — делінген хабарламада.