Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472-477 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 26 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,58 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472-477 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 473,5-475 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38-5,55 аралығында саудаланып жатыр.