Майқайың кенішде шұңқырға құлаған автобус жүргізушісінің денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде сағат 16.05-те экскаватор шелегінің көмегімен топырақты бұғаттаудан шығару барысында 75 метр тереңдікте жүргізушінің денесі табылып, сараптамаға жіберілді, — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар мамандары құтқару жұмыстарының аса ауырлықпен жүргізілгенін айтады.
Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және үлкен тәуекелмен жүргізілді. Тау жыныстары мен топырақ құлаумен болды. Жұмыстарға әртүрлі саланың 200-ден астам қызметкері тартылды. 180 мың тоннадан астам тау массасы шығарылды. Бұл шағын экскаваторға автобустың орналасқан жеріне түсіп, жұмысты бастауға мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.
Құтқарушылар шұңқырдың түбіндегі экскаваторлар мен басқа мамандардың жұмысын сақтандыру және қауіпсіздіктерін үнемі қамтамасыз етіп отырған.
Еске салайық, биыл 4 қаңтарда адамдар мінген автобус жер астына құлап кетті. Автобуста төрт адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының үш құтқарушысы мен бір жүргізуші.