Астана прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді.
55 жер телімі мемлекетке қайтарылды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін екі жыл бойы орындамаған. Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған, — делінген хабарламада.
Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі негізінде орындалып, жер телімдерін мемлекетке беру жүзеге асырылды.