Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 25 шілдеде Өскемен, Риддер, Шымкент, Алматы қалаларында, түнде Атырау және Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.