Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздегі шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етті. Жалпы саны 4,8 миллиард текше метр су жіберілді.
Атап айтқанда «Қазсушар» филиалы:
- Қызылорда облысы бойынша дихандарға 2,39 млрд;
- Түркістан облысы бойынша егіс алқаптарына 1,08 млн;
- Жетісу облысы бойынша шаруаларға 551 млн;
- Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 225 млн;
- Жамбыл облысы бойынша суармалы жерлерге 305,1 млн;
- Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы дихандарға 158,2 млн;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша өңір шаруаларына 15,2 млн;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша дихандарға 60 млн;
- Қарағанды облысы бойынша егістіктерге 15,6 млн;
- Ақтөбе облысы бойынша суармалы алқаптарға 8,83 млн;
- Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 7,5 млн;
- Павлодар облысы бойынша дихандарға 0,48 млн;
- Ақмола облысы бойынша егіс алқаптарын суаруға 1,2 млн;
- Атырау облысы бойынша шаруаларға 5,6 млн текше метр суармалы су жеткізілді.