Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындары ерлер арасындағы футболмен басталады.
Бұл ойындар Бордо, Марсель, Лион, Нант, Ницца және Сент-Этьен қалаларында өтеді.
Онда 23 жасқа дейінгі футболшылардан құралған құрамалар бақ сынайды. Сонымен қатар ол жастан асқан үш ойыншының жарысқа қатысуына болады. Ал қыздарда мұндай шектеу жоқ.
Ерлерде 16 құрама төрт топқа бөлінген:
- А тобы: Франция, Гвинея, АҚШ, Жаңа Зеландия
- В тобы: Аргентина, Марокко, Ирак, Украина
- С тобы: Өзбекстан, Испания, Египет, Доминикан Республикасы
- D тобы: Жапония, Парагвай, Мали, Израиль.
Бүгін «Qazsport» телеарнасынан төрт ойын көрсетіледі. Алдымен 17.50-де Өзбекстан мен Испания, 19.50-де Египет пен Доминикан Республикасы, 21.50-де Ирак пен Украина, 23.50-де Франция мен АҚШ жасыл алаңға шығады.
Қыздарда 12 құрамалары сынға түседі. Олардың топтарға бөлінуі құрамалар төмендегіше:
- А тобы: Франция, Колумбия, Канада, Жаңа Зеландия
- В тобы: АҚШ, Замбия, Германия, Австралия
- С тобы: Испания, Жапония, Нигерия, Бразилия.
Ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.