Ішкі істер министрлігі ұрлық жасады деген күдікпен екі адамға іздеу жариялады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен аса ірі мөлшерде қылмыстық топпен жасалған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі) іздестіріліп жатыр.
- Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы – қамауда ұстау.
- Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы – қамауда ұстау.
Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-20.72.7172-99 телефондары арқылы хабарлауға болады.