Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге қамалғанын мәлімдеді.
Ақпаратты комитет растады.
Аталған сотталған адам сот үкімі бойынша қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге кезең-кезеңімен жіберілді. Сонымен қатар қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз, — делінген хабарламада.