Үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер.
Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті.
Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Үкімет ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 миллиард теңге бөлді. Оның 21 миллиард теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда, — деді Олжас Бектенов.