Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апатта зардап шеккен 31 жастағы қызметкер қайтыс болды.
Бұл туралы Қарағанды облысының lенсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді.
Дәрігерлердің салған барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің бірін өлім аузынан арашалап қалу мүмкін болмады. 1993 жылы туған ер адамның денесін 85% терең күйік шалған. Осы уақытқа дейін бұл науқас өте ауыр жағдайда болып, бүгін қайтыс болды, — делінген хабарламада.
Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де өте ауыр. Екі науқас реанимация бөлімінде.
Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында жалын шығып, сегіз жұмысшы жарақат алды.