Басты бетЖаңалықтарМаңғыстауда республикалық...

Маңғыстауда республикалық маңызы бар автожол жөнделеді

Маңғыстау облысында Жаңаөзеннен Түрікменстанның шекарасына дейінгі күре жол жөнделмекші. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.

Министрлік ұзындығы 229 километр қашықтықты қамтитын «Жаңаозен-Кендірлі Түрікменстан» республикалық маңызы бар автожолын жөндеу мәселесін ойластырып жатыр.

Бұл Кендірлі курорттық ауылы мен Маңғыстау облысының туристік әлеуетін одан әрі дамытуға септігін тигізеді, — деді көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапары барысында.

Қазіргі уақытта жол IV техникалық санатқа жатады. Жолдың жөндеуге жататын бұзылған бөлігі жол бойының барлық қашықтығынан байқалған.

Марат Қарабаев автокөлігін Жаңаөзеннен Түркіменстан шекарасына дейінгі бағытта жол жамылғысының жағдайына көз жеткізіп, өзі жүргізген.

Жөндеу жұмыстары аясында жол төсемінің құрылымын нығайтып, бетін жаңарту жоспарланып отыр.