Президент Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын, — деп жазылған мемлекет басшысы қол қойған жарлықта.
Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР-інің Батуми қаласында туған) — кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор.
Қазақ КСР-нің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.