Семейде бүкіл қала болып іздеген ұл бала табылды. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті хабарлап отыр.
3-класс оқушысы бір күн бұрын жоғалып кетіп, кеше Шығыс кенті аумағынан аман-есен табылды.
Ұл баланы полицейлер, еріктілер және тұрғындар — бүкіл қала болып іздеді. араусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындары да қаралды. Тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумығынан тапты, — делінген полиция хабарламасында.
Оқушы Әуезов полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізілген. Баламен психолог сөйлескеннен кейін ата-анасына тапсырылады.