Басты бетЖаңалықтарҚарағанды ферроқорытпа...

Қарағанды ферроқорытпа зауытында жалын шығып, 8 жұмысшы жарақат алды

YDD Corporation ферроқорытпа зауытында пештен кенет жалын шығып, жұмысшылар жарақат алды. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы 20 шілдеде сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. № 1 пештен кенеттен жалын шығып, кәсіпорынның сегіз жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмыскерлердің бәрі ауруханаға жеткізіліп, шұғыл медициналық көмек беріліп жатыр.