Алматыда қоғамдық көлікке міну ақысы қымбаттаған соң, түрлі жеңілдігі бар Onay картасын береміз деген алаяқтар шықты. Бұл туралы Onay компаниясның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Алматы қаласының көлік холдингі тегін көлік карталарын, қоғамдық көлікке бір жыл тегін мінетін, түрлі бонустар мен артықшылықтары бар «Бірыңғай» картасын таратпайтынын және серіктестік желілеріндегі жеңілдіктер мен басқа да акцияларды жүргізбейтінін хабарлаймыз! — делінген хабарламада.
Компания мұндай сілтемені баспауды және жеке деректерді ешкімге бермеуді сұрап отыр.
Барлық сенімді ақпаратты Оnay.kz ресми сайтынан немесе +7 727 397 01 91 байланыс орталығына хабарласып алуға болады.
Естеріңізге салайық, Алматыда қойғамдық көлікте жүру ақысы 120 теңге болып қымбаттаған еді.