Ата-аналардың өз балаларын егуден бас тартуы астаналықтар арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуіне алып келеді.
Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша Астана тұрғындарын иммундаумен қамту мониториңнің деректері бойынша бір жасқа дейінгі балаларды дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, гемофильді инфекцияға, полиомиелитке, пневмококкты инфекцияға, 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің дифтериясына және сіреспеге қарсы екпелермен жоспарлы қамтуға қол жеткізілді.
Нәтижесінде биылғы алты айда көкжөтелдің 435 расталған жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 417 (көрсеткіш – 100 мың тұрғынға шаққанда 30,5), 2023 жылы көкжөтелдің бес жағдайы тіркелді, өсім 82 есе. Аурудың негізгі себебі 54% немесе 234 жағдайда ата-аналардың көкжөтелге қарсы профилактикалық егуден бас тартуы болып саналады, — деді елорданың санитарлық дәрігері.
Спикердің айтуынша, өткен жылдың наурыз айынан бастап елордада қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі байқалды. Биылғы алты айда қызылшаның 1 541 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 059 жағдай, өсім 12 есе, сырқаттанғандардың ішінен қызылшаға қарсы 1 069 адам егілмеген.
Оның айтуынша, департамент әлеуметтік желілерде вакцинация туралы көрінеу жалған ақпараттың таралуына мониториң жүргізеді және медициналық ұйымдармен бірлесіп мұндай мәлімдемелерге жедел ден қояды.
Сондықтан түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 2 472 ата-ана вакцинацияның маңыздылығын түсініп, балаларын ектірді, оның ішінде биыл 623-і бұрын вакцинациядан бас тартқан болатын. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда жеті есе жоғары, түсіндіру жұмыстарынан кейін тек 80 бала егілді, — деп қосты спикер.