Қазақстандық «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қоры Қырғызстандағы селден зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері «Ақ-Тілек» қазақ-қырғыз шекара бекетінен өтіп, Ош облысына жолға шыққан.
Гуманитарлық көмек тиелген көлікте азық-түлік өнімдері – ұн, қант және басқа да өнімдер, ең қажет тауарлар, сонымен қатар гигиеналық заттар бар, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 14 шілдеде Ош қаласы мен Ош облысында жойқын сел болып, салдарынан бес адам қаза болды.