Доллардың 19 шілдеге арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475–480 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477,3-479,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 475-480 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 477,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,43 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,33-5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35-5,5 теңгеден сатылып жатыр.