Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 485—491 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 18 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,24 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,02 теңге. Еуро — 529,34.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 489,5 теңге. Еуро 537,5—532 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 485 теңге, сатып алу құны — 491 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00—5,11 аралығында саудаланып жатыр.