Қауіпті ауа райы: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Алматының төтенше жағдайлар департаменті 18 шілдеде қаланың таулы аумағында қатты жауын шашын, таңертең және күндіз қалада найзағай, бұршақ, жел күтілетіні туралы хабарлады.

Найзағай кезінде жел соғып, екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар ТЖД баспасөз қызметі қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақта су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлады.

17-20 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін! Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін. Осыған орай Алматының ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажет екенін ескертеді, — делінген хабарламада.