Доллар 473-477 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 473-477 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,83 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473-477 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 474,1-476,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,29-5,45 аралығында саудаланып жатыр.