Басты бетЖаңалықтарШымкентте құны...

Шымкентте құны 5,9 миллиард теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Шымкентте заңсыз иемденілген активтер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

Шымкент прокуратурасы биылғы жарты жылда экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 миллиард теңге болатын мүлік және акцияларды мемлекетке қайтарды.

Азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстары сот арқылы мемлекетке қайтарылды. Құны 357,7 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлік Шымкент қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді, — делінген хабарламада.

Қалалық прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар әлі де жалғасатынын айтты.