Алматы облысында нөсер жаңбыр жауып, жолды су басып қалған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 шілде сағат 15.58-де Кеген ауданы Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта нөсер жаңбыр жауған. Салдарынан екі жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен.
Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды.
Оқиға орнына ТЖД 17 қызметкері мен 10 техника жедел түрде жұмылдырылды. Сағат 17.00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті. «ҚазАвтоЖол» жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, — деп хабарлады облыстық әкімдік.
Зардап шеккендер жоқ.
«ҚазАвтоЖол» жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.