Алматы облысының тауларында 2 600 метр биіктікке шығып, өз бетінше түсе алмай қалған жасөспірім құтқарылды.
Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Талғар ауданындағы биіктігі 2 600 м «Үлкен Алматы шыңы» тауында 16 жастағы жасөспірімді құтқарып, төменге түсірді. Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған, — делінген хабарламада.
Жас туристке медициналық көмек қажет болмады.