Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында сел жүріп, үйлерді су басты

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Осылайша 15 аула мен үш тұрғын үй су астында қалды.

Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады.

Сонымен қатар су басқан аумақтардан су сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Жағдайға мониториң жалғасып жатыр.

Бұл іске ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.