Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471-475 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 472,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,41 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471-475 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 472,7-474,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25-5,37 аралығында саудаланып жатыр.