Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда су...

Қазақстанда су ресурстарын реттеу комитеті құрылды

Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа комитет судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында құрылды.

Ол суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сонымен қатар еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.

Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың «қара нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.