Мемлекет басшысы АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жарақат алған Трамптың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трампқа Пенсильвания штатында оқ атылған еді. Кейін оқ атқан адам 20 жастағы сол штаттың тұрғыны екені белгілі болды.