Елена Рыбакина маусымның ТОП теннисшілері рейтиңінде екінші орында тұр. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Елена Рыбакина жыл басынан бері спортшы 4 901 ұпай жинаған. Рыбакинаның ең жақын ізбасары – 4 505 ұпай жинаған «Уимблдон-2024» финалисі, итальяндық Ясмин Паолини. Төртінші орында Арина Сабаленка (Беларусь) – 4466 ұпай және америкалық Коко Гауфф үздік бестікті 3 598 ұпаймен жапты. Әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Свиатек 7 465 ұпаймен көш бастап тұр.
WTA Championship Race – жылдың соңғы турнирі, онда маусымның ең үздік сегіз теннисшісі ғана бақ сынайды. Турнир биылдан бастап 2026 жылға дейін Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. 2024 жылы жарыс 2-9 қараша аралығында өтеді. Жүлде қоры – рекордтық 15,25 миллион доллар.