Биылғы 13-24 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранты байқауына құжат тапсыруға болады. Байқауға қатысуға өтінімді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы және онлайн режимінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлап отыр.
2023-2024 оқу жылына жалпы 78 219 грант бөлінді, оның 3 903 гранты үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастарын оқытуға бөлінген.
Оған қоса халқы тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді. Оның ішінде Атырау облысынан келгендер үшін – 1500 грант, Маңғыстау облысынан – 2000, Түркістан облысынан – 600, Абай қаласынан – 300, Шымкент қаласынан – 300, Жетісу қаласынан – 300, Ұлытау қаласынан келгендерге 300 грант беріледі. Бұл грантты алған түлектер мына бағытты оқи алады: педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша бөлінді, — делінген министрлік хабарламасында.
Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар бейнебайланыс арқылы консультация береді және конкурсқа құжат тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайларжы мына жерден көруге болады.
Онлайн өтінім беріп жатқанда проблема тусамына нөмірлерге хабарласу керек:
- 1414 бірыңғай байланыс орталығы;
- қосымша ақпарат алу үшін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525;
- Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын техникалық қолдау орталығы: 8 (7172) 47-25-25, ішкі нөмір: 702, 504
- «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК call-орталығы: 8 (7172) 695069.