Ozon Қазақстан Республикасының тағы төрт қаласында өзінің курьерлік жеткізілімінің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұған дейін бұл қызмет тек Астана және Алматы қалаларының тұрғындарына ғана қолжетімді болатын.
Ozon Қазақстан өзінің курьерлік жеткізу географиясын кеңейтті: енді Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент тұрғындары тапсырысты сайтта немесе қосымшада ресімдеу кезінде Ozon курьерімен жеткізуді таңдай алады. Ол тауарларды таңдалған күні көрсетілген мекенжайға жеткізеді және алушыға барар алдында қоңырау шалып, жеткізу уақыты туралы алдын ала ескертеді. Алғашқы уақытта Ozon-ның курьерлік жеткізуі бұл қалаларда аптасына үш рет 9.00-ден 22.00-ге дейін жүзеге асырылады. Компания алдағы уақытта оның жиілігін аптасына жеті күнге дейін арттыруға ниетті.
Ozon курьерлік жеткізілімін ресімдеу үшін тапсырыстың ең төменгі құны — 5 250 теңге. Тапсырыс сомасы 5 250-ден 18 500 теңгеге дейін болса, жеткізу құны 1 500 теңге болады. Үлкен сомаға тапсырыс берген кезде, Ozon курьерімен жеткізу тегін болады.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларының тұрғындары Ozon Қазақстанда 460 000-нан астам тапсырысты ресімдеді. Бұл бір жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда 27 есеге көп. Бұл өңірлердегі сатып алушылар саны да — жылына 10 еседен астамға айтарлықтай өсті.