Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы таяу шетел азаматы ұсталған.
ІІМ мәліметінше, күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болатын материалдар бар екі ұялы телефон тәркіленген.
Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.