Samsung
Samsung
Samsung Electronics мобайл құрылғыларының жаңа буыны жайлы құлақтандырды: Galaxy Z Fold6 пен Galaxy Z Flip6 және 10 шілдеден бастап ресми Samsung онлайн-дүкенінде алдын ала тапсырыс беру басталғанын хабарлап отыр.

Алдын ала тапсырыс берген сатып алушылар бонус ретінде фирмалық телефон қабы мен бір жылға Samsung Care кепілдігін алады. Сонымен қатар Trade-in бағдарламасын пайдаланып, ескі смартфоныңызды 450 000 теңгеге дейінгі жеңілдікпен жаңасына ауыстыра аласыз. Одан бөлек комиссиясыз немесе артық төлемсіз 24 айға бөліп төлеу мүмкіндігіне ие боласыз. Эксклюзивті қара түсті Galaxy Z Fold6, сонымен бірге 1 ТБ жады бар модельдер тек Samsung.kz сайтында бар.

Смартфондар Galaxy үшін жасалған Snapdragon® 8 Gen 3-пен жабдықталған, бұл — жасанды интеллект үшін оңтайландырылған ең озық Snapdragon мобайл процессоры.

Samsung
Samsung

Су жаңа Google Gemini қолданбасы жаңа Galaxy Z сериясына толығымен біріктірілген, бұл сізге дәл телефоныңызда жеке AI көмекшісін береді. Gemini жазуға, оқытуға немесе жоспарлауға көмектеседі. Gemini кейбір таңдаулы Google қолданбасымен біріктірілген, бұл тамаша саяхат бағдарыңызды ұйымдастыруды, нақты уақыттағы рейс пен қонақүйді брондау туралы ақпарат алуды, әйгілі көрікті жерлер мен ең жақсы маршруттарды көруді жеңілдетеді.

Galaxy AI Galaxy Z Fold6 смартфонында кедергісіз байланысты жақсартты. «Аудармашы» функциясы екі тарапқа аудармаларды негізгі және сыртқы экрандарда ыңғайлы көруге мүмкіндік беретін жаңа сөйлесу режимінде істейді. Лекциялар мен басқа да презентацияларды тыңдау кезінде оңай түсіну үшін бір жақты аударманы қамтамасыз етеді. Телефон қоңырауларын нақты уақыт режимінде аударатын Live Translate функциясы енді бірқатар үшінші тарап қолданбасына таралады.

Samsung
Samsung

Galaxy Z Flip6 смартфонындағы үш және төрт дюймдік сыртқы Super AMOLED FlexWindow дисплейі құрылғыны ашпай-ақ кеңейтілген ЖИ функцияларын қолдануға мүмкіндік береді. Ал FlexCam режимі фотосуретіңіз үшін ең жақсы жақтауды автоматты түрде тауып, нысанды анықтап, қажет түзетулерді жасамас бұрын үлкейтіп немесе кішірейтеді. Осылай, достарыңыз бен таңғажайып фонның қайсын тағдаймын деудің қажеті жоқ.

Жаңа 50 мегапиксельді сенсор шусыз фотосуреттер үшін 2x оптикалық масштабтай алады, одан бөлек 10 есе ұлғайту арқылы жақсартылған түсіру мүмкіндіктері үшін AI масштабтауын ұсынады. Түнгі түсірілім функциясы күңгірт жарықта да жарқын бейнелер түсіруге мүмкіндік береді.