Samsung Wallet арқылы эпикалық Galaxy-ды қалай ұтуға болады?

Шопингіні ұнатасыз ба? Жаңа гаджеттерді одан да қатты жақсы көресіз бе? Онда сіз үшін керемет жаңалығымыз бар: сауда жасағанда Samsung Wallet әмбебап қолданбасы арқылы төлесеңіз, Samsung сізге Galaxy флагмандық смартфонын ұтуға мүмкіндік береді!

Samsung Wallet Galaxy смартфоныңыз арқылы төлем жасауға арналған қолданба ғана емес, шоппинг пен саяхат әлеміндегі адал серігіңіз. Жаныңызба әмиян алып жүрудің керегі жоқ, тіпті төлем карталары да қажет емес. Samsung Wallet барлық банк картаңызды, клубтық карталарыңызды, құпиясөздерді, цифрлық кілттерді, отыру талоны мен жеңілдік купондарын қауіпсіз жерде сақтайды!

Samsung Wallet-ке Samsung-тың серіктесі болып келетін кез келген қазақстандық банктің картасын тіркеп, кез келген POS-терминалда төлем жасай аласыз. Енді қалағаныңыздың бәрін істеуге мүмкіндігіңіз бар: бонустар мен жеңілдіктер алып, Samsung акцияларына қатысыңыз!

Ең қызығы, Samsung Wallet қолданбасына тіркеліп, 30 маусымға дейін кем дегенде 20 транзакция жасасаңыз, автомат түрде эпикалық Galaxy-дың ұтыс ойынына қатысасыз! Жүлде қоры — Galaxy S23, Galaxy S22, Galaxy Z Flip4 смартфондары мен Galaxy Buds сымсыз құлаққаптары. Акция туралы толық ақпаратты Samsung сайтынан білуге болады.

Шопингіден рақат алып, жаңа эпикалық Galaxy ұту мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Дәл қазір Samsung Wallet қолданбасын қолдануды бастаңыз!

Жеке деректеріңіз үшін алаңдамаңыз: Samsung Wallet-тің бірден-бір ерекшелігі — қауіпсіздікке жіті мән беретіні. Төлем функциясын сіз ғана саусақ ізімен немесе PIN-код арқылы қоса аласыз. Сонымен қатар ол Samsung Knox қорғаныс деңгейі платформасы арқылы қорғалған әрі смартфоныңызды виртуал және шынайы өмірде қол сұғудан сақтайды.

Samsung Wallet көзіңізді ашып жұмғанша қосылады. Жұмыс үстелін саусағыңызбен жоғарыға сүйресеңіз болғаны, (қалғыған экранда да осылай қосуға болады) барлығы дайын! Ыңғайлы ма? Ойлағаннан да артық!