Басты бетЖаңалықтарҚұлсарыдағы үйлердің құрылысы қашан аяқталады

Құлсарыдағы үйлердің құрылысы қашан аяқталады

Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр.

Қазіргі мәлімет бойынша, барлық 80 үйдің іргетасы құйылған. 29-ында қабырғалар тұрғызылып жатыр. Құрылыс жұмыстарына жергілікті жеті мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етіп жатыр.

Құрылысты 2024 жылғы қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

– 100 үй салу;

– 1 376 үй сатып алу – 1 341 сатып алынды;

– 1 198 үйді жөндеу – 1 174-інде жұмыстар аяқталды.