Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18.00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді.

Салтанатты шара аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр.

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22.15-те (22.30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1 250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестіріледі.

Айта кетейік, аталған іс-шара демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.