Алматыда Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
5 шілде кешкі сағат 20.00-ден 8 шілде түнгі сағат 23.00-ге дейін Айнабұлақ шағынауданында Жұмабаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысы жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.
1981 жылдан бастап пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 2 135 метрлік құбырды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабылады, — деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Бұл құбыр 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру және үш денсаулық сақтау нысанын 483 басқа да ғимараттарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстарына қарамастан тұтынушыларға ыстық су бұрынғысынша үздіксіз беріледі.