Басты бетЖаңалықтарДоллар 471–476...

Доллар 471–476 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 471–476 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474,5-476,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 471-476 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475,39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,40 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,29-5,41 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,25-5,45 теңгеден сатылып жатыр.