Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 470–475 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474,1-476,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 470-475 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 472,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,40 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,25-5,37 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,17-5,37 теңгеден сатылып жатыр.