Басты бетЖаңалықтарНұрлан Ермекбаев...

Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болды

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды.

Ол ұйымға 2025 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін басшылық етеді. Тиісті шешім Астанадағы ШЫҰ саммитінде қабылданды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ШЫҰ-ның бас хатшысы қызметін Қытай өкілі Чжан Мин атқарған еді.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкентте дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген.

2018-2021 жылдары қорғаныс министрі болған.

2023 жылғы қантар айында Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.