Бүгін Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ның ықпалды әрі беделді ұйымға айналғанын мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, 23 жылдың ішінде ұйым халықаралық қарым-қатынастар жүйесінде маңызды механизмге айналып, тұрақты өсім мен жалпыға ортақ прогреске өз үлесін қосып келеді.
Біз саясат, қауіпсіздік, экономика мен мәдениет саласындағы жемісті әрекетпен барлық Еуразия құрлығының даму бағдарын айқындап отырмыз. Шанхай рухын және Шанхай қағидаттарын бірлесіп күшейтудің нәтижесінде ШЫҰ ең беделді әрі ықпалды халықаралық құрылымдардың біріне айналды. Бірлестігіміздің әлеуметі орасан зор. Сол себепті әлемде оған деген қызығушылық артып келеді, — деді мемлекет басшысы.