Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты.
Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, — деп жазылған жеделхатта.