Құрақ және қызылша қанты немесе тазартылған қант, сонымен қатар сірне өндіру көлемі биыл қаңтар–мамыр айларындағы небәрі 39,6 мың тонна болды.
Бұл туралы EnergyProm.kz ақпарат порталы хабарлады.
Бұл кейінгі төрт жылдағы осы кезеңдегі ең төмен көрсеткіш. 2023 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда өндіріс көлемі 3,4 есеге қысқарды.
Мәселен, биылғы жылдың қаңтар – сәуір айларында отандық қант зауыттары 7,8 мың тонна қант өндірді, бұл 2023 жылғы қаңтар–сәуір айларына қарағанда 12,1 есе аз. Осы кезеңде қант импорты, керісінше, 15,3%-ке өсті, бұл оның ресурстардың жалпы көлеміндегі үлесін бірден 55,6%-тен 94,6%-ке дейін арттырды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар қанттың экспорты мен реэкспорты осы жылдың алғашқы төрт айында бір жылда 700 кг-нан 50,4 мың тоннаға дейін өсті. Бірақ ішкі нарықта сату бір жылда 2,3 есе қысқарып, 93 мың тонна болды.
Биыл мамырда қант бағасы тек 0,1%-ке өскенімен, жалпы көрсеткіш үш ай қатарынан артып келеді: мысалы, наурыз айында қант 3%-ке, ал сәуірде бірден 3,7%-ке қымбаттады. Салыстырмалы түрде алсақ, өткен жылы мамырда қант, керісінше, 0,3%-ке арзандаған, — деп жазды EnergyProm.kz.
Өңірлер бөлінісінде қант бағасы бір жылда үш облыста ғана өсті: Ұлытау — 3%, Солтүстік Қазақстан — 2,4% және Ақмола облысында 1,1%. Ал қалған өңірлерде бір жыл бұрынғыдан баға арзан болып тұр.
Айтарлықтай айырмашалық Абайда (8,9%), Маңғыстауда (8,8%) және Түркістан облысында (7,9%) тіркелді.
Әзірге биылғы жылдың мамырында ел бойынша түйіршіктелген қанттың орташа бөлшек саудадағы бағасы бір кг үшін 420 теңге болып тұр. Бұл 2023 жылдың мамырына қарағанда төмен, алайда 2021 жылдың мамырында ҚР бойынша орташа түйіршіктелген қант 274 теңге болған.