Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Бес адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды.
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары бес сағатқа аса созылды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.