Астана қаласындағы жаңа вокзалдан жүретін пойыздардың тізімі шықты

Жолаушылар тасымалы» АҚ Астананың жаңа теміржол вокзалы арқылы жүретін пойыздардың тізімін бекітті.

Көрнекі сурет

Жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-сі – «Тұлпар-Тальго», 16-сы – стандартты және қалған 16-сы қала маңында қатынайтын пойыздар.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадан қосымша пойыздар жолға шығады:

  • Астана-Маңғышлақ;
  • Астана-Атырау;
  • Астана-Шымкент;
  • Астана-Қостанай;
  • Маңғышлақ-Астана;
  • Тараз (Жамбыл)-Астана;
  • Орал-Астана;
  • Қарағанды-Астана.

Қазіргі таңда Астана әкімдігімен бірлесіп жаңа вокзалға дейін жүретін қоғамдық көлік, экспресс-маршруттар ұйымдастыру туралы мәселе пысықталып жатыр.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version