Басты бет Басты Шымкент қаласы туралы 10 миф

Шымкент қаласы туралы 10 миф

Шымкент туралы ел арасында алып-қашпа әңгіме жиі айтылады. Шымкент - бұл қандай "субэтнос"? Олар туралы неге жиі айтамыз, неге "жақтырмай" жатамыз? Бүгін біз Шымкент туралы мифтердің пайда болу себептері мен олардың қаншалықты шындыққа жанасатындығын талдап көрдік.

Сурет: Мақсат Шағырбаев

1. Қыз алып қашу

Қыз алып қашу
Сурет: Мақсат Шағырбаев

Шымкенттіктер туралы тұжырымдар түсіндіруді қажет етпейтін аксиомаға айналған. Соның бірі — қыз алып қашу дәстүрі. Бұл дәстүрдің аймақта мығым орнағандығы себебінен қыздардың шымкенттік жігіттерге сенімсіздікпен қарайтындығы жасырын емес. Алайда Шымкент қаласына барсаңыз, тапа-тал түсте қызды зорлықпен алып қашып бара жатқан жанды кездестірмейсіз. Бүгінгі таңда аталмыш дәстүр қыздың келісімі бойынша орындалады. Бірақ қазақтың салт-дәстүрлері мен құндылықтарының отаны саналатын Шымкентке әлі де болса қыз алып қашу «операциясы» жиі таңылады.

2. «Шымкентский вариант»

Сурет: Мақсат Шағырбаев

Бұл сөзді жиі естиміз. Жұрт мұндай «вариантты» ұстанатындарды қу әрі пысық адамдар деп біледі. 2016 жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, Шымкент халқының саны 885 799 адамды құрайды. Әрі бұл қала Қазақстан мегаполистерінің бірі екендігін де айта кеткеніміз жөн. Ықтималдылық теориясы бойынша, процеске қатысушылардың саны қанша көп болса, оқиғаның жүзеге асу коэффициенті де сонша мәрте өседі деген сөз. Сондықтан «шымкентский вариант» көпшіліктің аузындағы аңыз ғана.

3. «Шымкенттіктер орысша сөйлемейді»

Көрнекі сурет

«Шымкентте орысша сөйлемейді», «олар орысша білмейді» дейді тағы бір аңыз. Қала оңтүстік аймақта орналасқандықтан әрі орыстілділер үлесі аз болуы себебінен көпшілік осындай тұжырымға келіп жатады. Алайда, орысша-қазақшаға бірдей шымкенттіктерді жиі кездестіруге болады.

4. «Шымкент — өзбектердің қаласы»

Көрнекі сурет

«Шымкентте өзбектер көп, халқы өзбекше сөйлейді, солардың салтын ұстанады» дейді ендігі бір аңызда. Оның шығуына себеп: аймақ Өзбекстанмен шекаралас, жергілікті халықтың палауды өте дәмді әзірлегендігінен болар, бәлкім. 2016 жылғы санақ бойынша Шымкент қаласындағы өзбектер саны 92 388 адам екен. Ол осы өңірдегі өзбек ұлтының 13,53 пайызын құрайды.

5. Шымкентке келін болсаң…

Көрнекі сурет

«Шымкенттік келіндер таңғы 6-да тұрып, аула сыпырып, ата-енесіне сәлем салуы керек екен» деген соң, көпшілік қыздардың шымкенттік жігіттерден «аулақ жүруге» тырысатыны жасырын емес. «Шымкентке ұзатылма», «Ол жақтан қыз алма» дейтін ақыл-кеңестер аз айтылмайды. Режиссер Жәнібек Жанқараев түсірген «Потому что шымкентский» фильмінің өзі қоғамның Шымкентке деген қате көзқарасын танытады. ХХІ ғасырда ерте тұрып аула сыпыру әдеттен тыс болғанымен, жасы үлкендерге иіліп сәлем беру — әдептіліктің белгісі.

6. «Шымкенттіктер қап-қара»

Сурет: Мақсат Шағырбаев

«Шымкент Африкаға, шымкенттіктер осы бір құрлықтың тұрғындарына ұқсайды. Астананың суығы шыдата ма, Шымкенттің ыстығы шыдата ма?» деген жаңсақ риторика да сирек айтылмайды. Континентті климаттың әсерінен Шымкенттің қысы қысқа, тұрақсыз, жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақ желді болып келеді. Оның антропологиялық жаратылысына белгілі деңгейде әсер ететіндігі анық. Алайда, адамды түр-түсіне қарай қай аймақтың тумасы екендігін анықтауға болатын болса, солтүстіктің «қара баласын» да шымкенттік деп оңай қателесуге болады.

7. «Казах без понтов – беспонтовый казах»

Көрнекі сурет

Түсіндірме сөздіктерде берілетін «понт» сөзінің мағынасы қазақтар қолданатын понттан мүлде бөлек. «Қазақ үшін понт, яғни, мақтангершілік — доллардан да қымбат» дейді. Шымкенттің жағымсыз жақтарын қанша жырласақ та, олардың да бұл пікірге айтары бар. Шымкенттік болуды мақтан тұтады. Шымкентпен мақтанады.

8. «Шымкент құрама штаттары»

Сурет: Мақсат Шағырбаев

ШҚШ. «Шымкент — Қазақстандағы Техас» дейді тағы бір аңызда. Америкада бұл штат «Жалғыз жұлдызды штат» атанған. Ал Шымкент ше? «Әкімшілікте үш қазақ жұмыс істейді, қалғандары — шымкенттік» деп әзілдеп жатады. Сонда олардың ерекше субэтнос болғаны ма?

9. Шымкентстан

Сурет: Мақсат Шағырбаев

Шетелдіктерге қазақстандықпын десең, араларында «Шымкенттенсің бе?» деп сұрайтындары да бар. Бұл өздері айтатын Шымкентстан деген атауды еріксіз еске түсіреді. Еліміздің кез келген түкпірінен шымкенттіктерді кездестіруге болады. «Шымкенттіктер – көп, олар барлық жерде. Тас лақтырсаң, Шымкенттікке тиеді» деп мысқылдайтындар да табылады.

10. «Бәке, Мәке, Сәке» теориясы

Сурет: Мақсат Шағырбаев

«Таныс барда – шанс бар» ұғымын Шымкенттен шыққан деп те жатады. Қала әкімі Ғабидулла Әбдрахымов та «Бәке-Сәке» дегендерден шаршадым» деп айтқан еді. Дегенмен бұл теорияға бауырмалдық, жершілдік факторларының да әсер ететіндігін ескерген жөн.

Тарихқа көз жүгіртсек, қай заманда болсын өнер мен мәдениет оңтүстік аймақтарда жақсы дамыған. Оңтүстіктің адамдары қу, пысық, қызуқанды келеді, ал солтүстіктің халқы асықпайтын, сабырлы болады деп жатады. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан мен АҚШ-та, Европа елдерінде де қалыптасқан стереотип. Мысалы, Оңтүстік пен Солтүстік Кореяның экономикалық-әлеуметтік жағдайларын, саяси сахнадағы беделін салыстырғанда, Оңтүстік Корея көш бойы алда тұрады. Қырғызстанның танымал қаласы саналатын Ош та елдің оңтүстік аймағында орналасқан.

Сондықтан, 2200 жылдық тарихы бар Шымкенттің шарықтауы, ол туралы мифтердің халық арасында зор жылдамдықпен таралуы – заңдылық.

Шымкент туралы зиялылар не дейді?

«Шымкент Қазақстансыз өмір сүре алады, Қазақстан Шымкентсіз өмір сүре алмайды». (с) Мұхтар Мағауин

«Қазақ болып қалғымыз келсе, Шымкентті етегінен ұстап жүруіміз керек». (с) Бекболат Тілеухан

Бұл өмір бір-ақ рет беріледі, ал оны Шымкентте сүру керек. (с) Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақтың Шымкентте бестен бірі,
Ешқашан шығармаңдар естен мұны.
Әрқашан бізге қарап өлшенеді,
Қазақтың қаншалықты өскендігі. (с) Әселхан Қалыбек

Суреттерді өңдеген: Бекзат Исамбергенов

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар SZH.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакцияның жазбаша рұқсатын алу қажет.

29 пікір

  1. Керемет. Шымкент қаласы қазақтың нағыз ортасы, қаймағы бұзылмаған мекен. Сайтқа рақмет! Шымкентке қатысты жалған қауесеттерді жоққа шығарып, шынайы бейнесін көрсетіпті. Осындай постарыңыз көп болсын!

  2. Шымкент облысындағы әр аудандардың өз ерекшеліктері бар Мысалы: Туркистан мадени орталықтары бар.Сарыағашта Курорт демалыс емделу орындары бар.Шардарада Алтын жағажай бар пляж как турецский пляждарға ұқсайды .Тулкибаста Ерекше қорықтар таулары бар.Казығурт Арыс Жетисай Ауданырында да ерекшелігі бар.Оңтустік Қазақстан облысы Оте киелі өмір суруге қолайлы климаты және тамаөқтары жемістері онтустик жерлеринде гана өседи .Халық саны облыс бойынша 1 ши орвында .Шымкентти Шетелдермен тиресетиндей дарежеси болу керек Шымкентти одан ари дамыту керек инфрақүрылым билим денсаулық халықтын жағдайын көтеру қажет одан әрі дамыту қажет Қазақстан бойынша үздік үлкен үштік қалаға кіреді

    • Bauyrym Burkolik, Akmewit, Tau Samaly(wangy bazasy), Koksaiek ?demalys oryndaryn ymytyp ketpe. Tabigaty Ote keremet jerler?

  3. шымкентыктерды коп жактырмаитын дар астаналыктар олар болып жарады негызы мен таразда турам бырык шымкент каты унаиды

  4. Өте керемет жазылған екен. Баке, Жәке, Макелер ата-бабамыздан келе жатқан сөздер екенін қазақтар ұмытпауы керек. Біле-білген адамға оның еш сөгеттігі жоқ, керісінше Мұрат немесе Мұрат Оспанұлы дегеннен жасы кіші адам үлкенге айтса намыстанатын ешнәрсесі жоқ. Ал өзбекше дейтінге келсек көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр деп қазақ атамыз осындайда айтса керек. Солтүстіктегілер сияқты орысша сөйлегенше түркі тілі өзбекше сөйлеген дұрыс сияқты

  5. Шымкенттіктер туралы көзқарас әрине көп адамды ойландырадыӨйткені «Шымкенттіктер » барлық жерде көп, оган себеп халықтың саны , егер статистикаға жұгінсек, еліміздің 13 облысында бүкіл халықтың 15 млн -ы тұрса, бір ОҚО облысында 3 млн адам тұрады. сонда әр облыста 1 млн га жетер жетпес халық болса, бізде 3 млн, яғни шымкенттіктер 3 есе көп, ЖОО түскен кезде де шымкенттіктер көп деп ренжиді, Жылына басқа облыста 1 оқушы бітірсе бізде 4-5 оқушы бітіреді. Сондықтан осынша адамның бәрі жақсы болгандықтан, мен Шымкенттіктер үшін мақтанамын

    • Шошитын болдыңдарма? Маладец осылай болсын!!! Психологияда адамдар өзінен мықтылардан яғни куштилерді жек көреді делінеді яғни Шымкенттіктерден қорқуларың заңдылық. Солай болсын бізден қорқыңдар.

  6. Қандай ұлт болса да өз ата-бабасының салт-дәстүрін, тілін, ділін жоғалтпай сақтай білсе ғана сол мемлекет аяқтан тұрып кете алады. Тілі мен ділі жоғалған мемлекттің өзі де жоғалады. Сондықтан Шымкенттіктерді жоғары бағалаймын. Шымкенттіктерім тұрғанда біздің Қазақстан басқа мемлекетке ешқандай да тәуелді болмайды, өйткені олар есесін жібермейтін қазақтар.

  7. Басқа облыс адамдары бір біріне суық сияқты. Əркім өзімен өзі. Ал Шымкент халқы бауырмал келеді. Қол ұшын беруге дайын тұрады.

  8. Ерте тұрып ауласын сыпырса өз ауласы таза болады тазалық денсаулық кепілі, үлкенге сəлем берсе өзінің тəрбиелігін көрсетеді емес пе?

  9. Шымкенттіктермен сөйлесе қалсаң емен -жарқын танысыңдай, басқа өңірдегілер біртүрлі қарайды тіпті əу деуге де жарамайды.

    • Сицилия бар оңтүстігинде, венеция рим емес самое главное!

    • Бір ағамыз :»Оңға қарасам — Шымкент, солға қарасам — Шымкент. Сендердің жүрмейтін жерлерің жоқ», — деп әзілдейтін.Біз ол кісіге : «Қолыңыздан келсе, Шымкентскийлерге жетіп алыңыз» — деп жауап қайтаратынбыз. Сөйтіп жүріп, ол кісі жалғыз қызын Шымкентке ұзатты. Яғни, бізге құда болды. Енді бізге: «Шырайлы Шымкенттік құдашалар!» — деп сыйластықпен қарайды. Сый-құрметті Шымкенттен көрді. Танысты, пайымдады деп ойлаймын. Әр облыстың өз ерекшелігі бар. Шымкентті білмейтін адамға Бекболат Тілеухан ағамыздың пікірін тыңдауға кеңес берер едім. Түсіне білсе, әрине. Мен- өзімнің туған жеріммен мақтанамын.

  10. Шымкент Шымкент ди берми, сол Шымкентке жетип алсын биринши!!! ЕН бауырмал ен қонақжай ен мейиримди адамдар да осы Шымкентте турады!

  11. Сөздің ашығы Шымкенттіктерді бәрі көре алмайды. Ол бәріңе де белгілі нәрсе, Мысалы: Елдің алдына шығып, бастық болып, жақсы жаңалықтар жасап, ақылды, Ұлтжанды болсаң, бәрі сені көре алмайды. Шымкенттіктер өте еңбекқор, бизнесті де дұрыс жүргізеді, бәрі керемет евро стильде салынған үйлерде тұрады, бұларды айтсаң тағы да мақтанғандай болып көрінесің арғы жағын айтпаймын, басқа жақтағы қазақтардың іштері күйіп,давлениелері көтеріліп кетеді, өйткені олар жалқау қалай-болса солай жүре береді ұлттық намыстары қалмаған, жоқ.

  12. Шымкенттің жақсы екенін бүкіл әлем жақсы біледі.
    Бірақ оның жақсы жерлерін айта бермеңіздер , онсыз да бүкіл қазақстан қазақтарының жағдайы барларының бәрі ойланбастан өз жерлерінен қашып Шымкентке көшіп кеп жатыр, Шымкент қаласында адам көбейіп, машина көбейіп кептелістер көбейіп кетті. Мен олардың басқа жақтан келгенін бірден байқап, қай жақтансың десем, олар -Шымкент керемет жақсы жер, табиғаты да әсем, адамдары да өте Қонақжай-кең пейілді болған соң көшіп келіп жатырмыз дейді.

    Көрдіңіздер ма? Бізді сыртымыздан жасанды жалған ғайбат сөздер айтып жамандағандарыңызды қойыңдар !

  13. Мақалаң ұнағанымен, көп жерлері дұрыс емес екен. 2016 жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, Шымкент халқының саны 885 799 адамды құрайды депсің.
    Мен интернеттен іздестірген едім 88 799 адам ол пропискада тіркелгендері ғана, ал Чимкентский вариант деп өзің айтпақшы олар өздері Шымкенттік болса 3 адамның екеуі міндетті түрде пропискаға тіркелмей тұрып жатыр ғой, арғы жағын ойлана беріңіз енді. Кеше осы интернеттен Шымкент қаласының өзінде 1 400 000 халық тұрады деген факторды көрдім.

  14. Шырайлы Шым қаламызды мақтан тұтамын. Келіп өз көзімен көрмегендер бос сөз айтпаңдар. Көз жеткізіңдер. Өсек сөзге ермеңдер. Мен басқа қалаларда болдым жамандамаймын бірақ адамға көмектесу, жағдайын сұрау, жаны ашу жок. Европпаға еліктемеңдер. Исі ҚАЗАҚ мұсылман бір-бірлеріңе қарайласыңдар. Бұл мақала иесіне мың алғыс

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version