Басты бетЖаңалықтарБүгін Атырауда...

Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 1 шілдеде еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, тек түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.