Азаматтық авиация комитеті Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне байланысты Астана әуежайында ұшу-қону тоқтатылғанын хабарлады.
3-4 шілдеге жоспарланған ШЫҰ саммиті алдында қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласы әуежайында әуе кеңістігі уақытша жабылады, – делінген хабарламада.
Дайындық мақсаттағы әскери ұшақтардың рейстері 30 маусымға дейін сағат 09:25 пен 10:20 арасында өткізіледі. Комитет Алматыда да рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті.