28 маусымнан бастап жазғы кезеңге «Павлодар-Астана» электропойызының бағытын Көкшетау мен Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылды.
Бұл туралы «Қазақстан теміржолы» хабарлады.
Павлодардан Астанаға дейін пойыз №7509/7510 нөмірімен, содан соң №6805/6806 нөмірімен қатынайды.
Электропойыз Павлодардан сағат 10.57-де, Астанадан сағат 18.30-да шығады. Пойыз Бурабайға сағат 21.20-да, ал Көкшетауға сағат 22.31-де жетеді.
Кері бағытта Көкшетаудан сағат 11.50-де шығып, Бурабайдан сағат 12.55-те, Астанадан сағат 16.45-те жүреді. Павлодарға пойыз сағат 23.31-де келеді.
Пойыз жаздың соңына дейін аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері қатынайды.